Ер адамның жамбасын сындырған бір топ күркетауық өлім жазасына кесілді

0
995

Ер адамға күркетауықтар шабуыл жасаған. Соның салдарынан ол енді ұзақ уақыт аурухана төсегіне таңылмақ.


Ер адамның жамбасын сындырған бір топ күркетауық өлім жазасына кесілді

ERNUR.KZ. Канадада полицейлер бір топ күркетауық жабылып шұқып тастаған жігітті кездейсоқ тауып алған, деп жазады exk.kz.

Dailystar.co.uk-тің жазуынша, жігіттің екі жамбасы және саусақтары сынып, тағы басқа жерлері жараланғаны белгілі болды.

Ер адамға күркетауықтар шабуыл жасаған. Соның салдарынан ол енді ұзақ уақыт аурухана төсегіне таңылмақ.

Қайғылы оқиға шілде айында Канаданың Британиялық Колумбия провинциясында болған. Сонда тұратын ер адамның әл-ауқатын тексеруге келген полицейлер оны қатты жараланып жатқан жерінен тауып алыпты.

Ес-түсінен айрылған адамды тексеру барысында дәрігерлер оның күркетауықтарға таланғанын анықтады. Жергілікті полиция өкілі, сержант Барри Кеннедидің айтуынша, тұрғындар бұл құстарды "қылмыстары" үшін өлім жазасына кесіледі деп күтпеген.

Бұған дейін осыған ұқсас қайғылы жағдай аталған провинцияда бірнеше рет болған. Мәселен, питбуль тұқымдас иттер екі кішкентай баланы талап өлтіріп, анасын ауыр жарақаттап кетті. Зардап шеккен Кристидің бес айлық ұлы Джейн Беннард пен екі жасар қызы питбулдың құрбаны болды.