Франция-Марокко ойынынан кейін жанкүйерлер қақтығысында 14 жастағы жасөспірім қаза тапты

0
516

Жасөсіпірім алған жарақатынан клиникада көз жұмды.


Франция-Марокко ойынынан кейін жанкүйерлер қақтығысында 14 жастағы жасөспірім қаза тапты

ERNUR.KZ. Франция құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/2 финалында Марокко ұлттық құрамасын 2-0 есебімен жеңді. Осы жеңістің арқасында Дидье Дешамның шәкірттері мундиалдың шешуші матчына жол тартты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

RMC Sport мәліметтері бойынша, Монпельеде жанкүйерлер қақтығысы салдарынан 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Француздар мен марокколықтар арасында жаппай қақтығыстар болып жатқаны туралы бұрын хабарланған болатын.

Франция жанкүйерлері отырған көлікке белгісіз біреулер келіп, терезеден шығып тұрған ұлттық команданың туын жұлып алған. Сол сәтте жүргізуші кілт қозғалып қалып, 14 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Бала алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Франция мен Аргентина командалары ойнайды.