Франция Ресей мен Қытай вакциналарын мойындамауға үндеді

0
415

​Әзірге Еуроодақ елдерінде тек төрт вакцина ресми түрде мақұлданды.


Франция Ресей мен Қытай вакциналарын мойындамауға үндеді

ERNUR.KZ. Францияның Сыртқы істер министрлігі Еуроодақ елдерін Ресей мен Қытайда жасалған коронавирусқа қарсы вакциналарды мойындамауға үндеді, деп жазады Inbusiness.kz.

«Франция территориясына тиімділігіне біздер көз жеткізген вакцинаны қабылдағандар кіре алуы тиіс», – деді ол.

Бон одақ елдеріне Ресей, Қытай және басқа да елдерде шығарылған препараттардан бас тартуға кеңес берді.

20 мамырда Еуропа вакцинацияланған туристерге одақ аумағына кіруге рұқсат берген еді. Нақтырақ айтқанда, Еуропалық дәрілік заттар агенттігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттарды ектіргендер ғана Еуроодақ елдеріне саяхаттай алу мүмкіндігіне ие болды. Ресейлік вакциналар бұл тізімге әзірге енгізілмеді.

Қазіргі уақытта Еуроодақ елдерінде төрт вакцина ресми түрде мақұлданды. Олардың қатарында Johnson & Johnson, Pfizer/BioNTech, AstraZeneca және Moderna жасап шығарған вакциналар бар.