Германияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен 25 адам қамалды

0
605

Олардың арасында Б. Виталия есімді Ресей азаматы да бар.


Германияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен 25 адам қамалды

ERNUR.KZ. Ұсталғандардың арасында ресейлік тараппен байланысуға көмектескен Ресей азаматы да бар. Германия прокуратурасы олармен Мәскеудің байланыста болғаны туралы айғақтар жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Германияда "террористік ұйым құрды" және "Рейх азаматтары" оңшыл радикалды тобы жақтастарының сөз байласты деген күдікпен тінту жүргізіліп, күдіктілер тұтқындалды, деп мәлім етті елдің бас прокуратурасы.

22 адам ұйымға мүше болды деген күдікке ілінген, тағы үшеуі қамауға алынды. Олардың арасында Б. Виталия есімді Ресей азаматы да бар. Ол Ресей шенеуніктерімен байланыс орнатуға көмектесті деген күдікке ілінді.

Барлығы 52 күдікті тергеліп жатыр.

Прокуратура күдіктілер Германияда қалыптасқан мемлекеттік тәртіпті бұзып, оны жалпылама түрде әзірлеген өздерінің басқару формасымен ауыстыруды көздегенін атап өтті.