Германияның 13 өңірінде коронавирус тіркелді

0
618

Науқастар саны 200-ге жуықтады.


Германияның 13 өңірінде коронавирус тіркелді

ERNUR.KZ. Германияда коронавируспен ауырғандардың саны күн сайын артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяуда бұл дерт BMW орталығының қызметкерінде анықталып, 150 әріптесі үй карантиніне орналастырылды. Жалпы бұл вирус Германиядағы 16 өңірдің 13-інде тіркеліп, ауырғандардың саны 200-ге тақап қалды. Берлинде осы аптада 3 адам вирусты жұқтырып алды. Олардың біреуі Италияда демалыста болған мұғалім. Осыдан кейін онымен қатынасқан 80 адам карантинге алынды. Індеттің таралуына жол бермес үшін бірнеше мың бала оқитын екі мектеп уақытша жабылды. Дегенмен, Берлин тұрғындары бұл жөнінде аса уайымдамайды. Олар үкімет жағдайды бақылап отырғанына сенімді.

- Өзім Нидерландтанмын, бірақ көптен бері Германияда тұрамын. Бұл тұмау сияқты аурулардың бірі деп ойлаймын. Оны міндетті түрде жеңеміз, - дейді Берлин қаласының тұрғыны Леони.