"Sonar Music Festival" Каталония ғарышты зерттеу институты мен "METI International" бірлесіп өзге ғаламшарлықтармен байланыс орнату мақсатында ғарышқа 10 секундтан тұратын 35 дана электрон музыка "EDM" (Electronic dance music) композициясын жіберді.
ERNUR.KZ. Ғалымдар ғарышқа өзге ғаламшарлықтарға арналған музыка жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"Sonar Music Festival" Каталония ғарышты зерттеу институты мен "METI International" бірлесіп өзге ғаламшарлықтармен байланыс орнату мақсатында ғарышқа 10 секундтан тұратын 35 дана электрон музыка "EDM" (Electronic dance music) композициясын жіберді.
Ғалымдар бұл тректердің "GJ 237" жұлдызына дейін жетіп баруынан үмітті. Музыкалар ғарыштағы ұзақ уақыт саяхат кезінде жоқ болып кетпеуі үшін екілік санақ тізіміндегі кодта жіберілген.
"GJ 237" жұлдызындағы ғаламшардың бірі жұлдыздан өмір сүруге болатындай қашықтықта орналасқан. Тректер басып өтетін алыс жолды есепке алатын болсақ олар белгіленген мекенге 2030 жылы жетіп, егер жерге жауап сигналы жіберілетін болса, ол 2042 жылы қайтып келетіні есептелген. Музыка арасына адамзат осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері мен жалпы ғылым туралы мәлімет кіріктірілген.
Өткен жылы да ғалымдар бұл жұлдызға хабар жіберген болатын. Норвегиядағы антенна көмегімен жұлдызға қарай сағат, уақыт, есептеу, геометрия және адамзат тарапынан ойлап табылған кейбір өнертабыстар туралы мәліметтер жіберілген. Ғалымдар бұл мәліметтерді түсіне алатын саналы жаратылыс бар деп, өздері сенбесе де жауап сигналының 25 жылдан кейін келетініне үміттенуде.