Ғалымдар театр мен музейге бару өмір сүруді ұзартатынын анықтады

0
1 332

14 жылда зерттеуге қатысқан адамның 47,5 пайызы мүлде мәдени орталарға бармағандықтан қайтыс болған.


Ғалымдар театр мен музейге бару өмір сүруді ұзартатынын анықтады

ERNUR.KZ. Театр мен музейлерге және басқа да мәдени орталарға бару адам өмірін денсаулық жағдайы, қоғамдағы орны мен ауқаттылығына қарамастан ұзартады. Мұндай шешімге Лондонның Университеттік колледжінің зерттеушілері келген, деп жазады Tengrinews.kz.

Ғалымдардың сөзінше, мәдени шараларға неғұрлым көп барған сайын, соғұрлым өлім деңгейі төмендейді екен. Зерттеуге 50 үлкен 6710 адам қатысқан. Ғалымдар зерттеуге қатысушылардан 14 жыл бойы мәдени орталарға қаншалықты көп барғандарын сұрап, зерттеген. Сонымен қатар, зерттеу ұйымдастырушалыры қатысушылардың жасы, жынысы, отбасылық жағдайы, шығу тегі, білім деңгейін және табысына мән берген.

Зерттеу кезінде, қатысушылардың 29,8 пайызы қайтыс болған. Олардың көбі жасы келген, жалғызбасты, ер адамдар, темекі шегітендер мен науқастар екені анықталған.

Сонымен қатар, 14 жылда зерттеуге қатысқан адамның 47,5 пайызы мүлде мәдени орталарға бармағандықтан қайтыс болған. Ал 26,6 пайыз адам жылы тек 1-2 рет барған.

Ғалымдар зерттеуден кейін мәдени орталарға бару өлім деңгейін 14 пайызға, ал жиі бару 31 пайызға азайтатынын анықтаған. Яғни, адам өмірінде мәдениет ерекше орын алады: жиі барған сайын адамның өмір сүруі де ұзарады.

Бұл әсер немен байланысты екенін белгісіз. Бәлкім, қоғаммен байланыс психологиялық стресс деңгейін төмендетуі мүмкін екен.