Грузияда 9 қаңтар аза тұту күні деп жарияланды

0
100

Бұл Абхазияның Галь ауданының Саберио ауылында болған қайғылы оқиғамен байланысты.


Грузияда 9 қаңтар аза тұту күні деп жарияланды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Оқиға салдарынан бес бала қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы елдің Үкімет әкімшілігі мәлімдеді.

"Грузия Үкіметі өрттен қайтыс болған балалардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтады", – делінген ақпаратта.

5 қаңтарда Саберио ауылындағы Чолария отбасында болған өрт салдарынан бес бала көз жұмды. Ең кішісі әлі бір жасқа толмаған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, трагедияның себебі абайсыздық. Пеш тұтатпақ болған қария бензин мен керосин құйылған ыдыстарды шатастырып алған. Салдарынан от лезде үйді шарпыды. Көршілері тек әйел адамды аман алып қалды. Ол қазіргі уақытта Кутаисиде емделуде.