Грузияда мыңдаған адам парламент сайлауын қайта өткізуді талап етіп алаңға шықты

0
285

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы 16 қарашада 2024 жылғы 26 қазанда өткен парламенттік сайлаудың нәтижелерін ресми түрде бекітті.


Грузияда мыңдаған адам парламент сайлауын қайта өткізуді талап етіп алаңға шықты

ERNUR.KZ. Грузияда парламент ғимаратының алдында наразылық акциясы өтіп жатыр, қатысушылар парламент сайлауын қайта өткізуді талап етуде, деп жазады ulysmedia.kz.

“Эхо Кавказа” басылымының жазуынша, осы уақытта депутаттар бірінші сессияларын өткізіп, спикер ретінде Шалва Папуашвилиді қайта сайлаған.

Басылым дерегінше, сессияда 88 депутат "Грузин арманы" партиясынан тіркелген. Олар XI шақырылымдағы 150 парламент мүшесінің өкілеттілігін мойындаған Сондай-ақ, бірінші сессияда "Грузинская мечта" фракциясы құрылды, оған 80 депутат өкілдік етеді.

Сайлау межесін еңсеріп, 61 депутат мандатына ие болған төрт оппозициялық партия бірінші сессияға бойкот жариялады. Себебі сайлау нәтижелері бұрмаланды деп мәлімдеді. Грузия президенті Саломе Зурабишвили де жаңа парламентті мойындамайды.

Грузияның Жас заңгерлер ассоциациясы (АМЮГ) "жаңа парламент мүшелерінің өкілеттілігін мойындау Конституция мен парламент регламентін бұзады" деп мәлімдеді.

АМЮГ жаңадан сайланған парламент мүшелерін "Грузия Конституциясының талаптарына бағынуға" шақырып, Конституциялық сот шешімі шыққанша сессияны тоқтатуды сұрады.

Зурабишвили бұған дейін сайлау нәтижелерін конституцияға қайшы деп тану туралы сотқа шағымданған болатын.

Парламент ғимаратының алдында жиналғандар да осындай талаптарды білдіруде.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы 16 қарашада 2024 жылғы 26 қазанда өткен парламенттік сайлаудың нәтижелерін ресми түрде бекітті. Комиссия мәліметтері бойынша "Грузин арманы" партиясы шамамен 54 пайыз дауыс жинап, 150 орыннан 89-ына ие болды. "Өзгерістер коалициясы" 19 депутат мандатын, "Біртұтас ұлттық қозғалыс" – 16, "Күшті Грузия" – 14, "Грузия үшін" – 12 мандат алды.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили мен оппозициялық партиялар сайлау нәтижелерін жүздеген бақылаушылардың анықтаған құқық бұзушылықтары мен дауыс берудің құпиялылығына қатысты сұрақтарға байланысты мойындамады. Орталық сайлау комиссиясы мен "Грузин арманы" кез келген бұрмалаушылықты жоққа шығаруда.