HRW Өзбекстанның халықаралық серіктестері бұл ел біржынысты қатынасты жауапқа тартатын Қылмыстық кодекстегі бапты жою үшін, адам құқығына байланысты негізгі ережелерді сақтау үшін қысым жасауы тиіс" деп мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Өзбекстанда гейлер ұсталып, сотқа тартылып, түрмеге қамалып жатыр деп мәлімдеді. HRW Өзбекстан билігін гейлердің құқығын қорғап, біржынысты адамдарды қатынасына бола қылмыстық іс қозғамауға шақырды, деп жазады centralasian.org.
HRW 23 наурызда жарияланған мәлімдемесінде БҰҰ адам құқығы кеңесіне енетін бұл елде гейлер "гомофобия мен қысымға" ұшырайды, ал қылмыстық қудалау Ташкенттің беделіне "дақ түсіріп тұр" деді.
"Өзбекстан біржынысты қатынасқа қылмыстық іс қозғайтын Қылмыстық кодекстегі 120-бапты жоюы тиіс" деп санайды ұйым.
Құқық қорғау ұйымы Ташкентті "гейлерге жасалған шабуылдар мен қорлықтарды" тексеріп, "полицейлер тарапынан оларға жасалатын қысымдарды" тоқтатуға шақырды.