Қазіргі уақытта билік оқиғада қаза тапқандар туралы ақпаратты растаған жоқ.
ERNUR.KZ. Индонезия жағалауында 280 адам бар жолаушылар паромы өртеніп кетті, деп жазады Stan.kz.
Ақпаратқа сәйкес, қою қара түтін төменгі палубалардан көтеріле бастағанда, кемеде дүрбелең басталған. Куәгерлер әлеуметтік желіде жолаушылардың айқайлап, көмек сұрап жатқан сәттері түсірілген видеолармен бөліскен.
"Адамға лық толы паромда үлкен өрт шықты. Жолаушылар суға секіруге мәжбүр болды. Ондаған адам қамалып қалуы мүмкін", – деп жазды басылым.
Кемедегі қызметкерлер жолаушыларға құтқару кеудешелерін кигізуге көмектесіп, кейін олар суға секірген.
Қазіргі уақытта билік оқиғада қаза тапқандар туралы ақпаратты растаған жоқ.