Индонезияның жоғалып кеткен сүңгуір қайығы Бали теңізінің түбінен табылды

0
1 355

Жоғалған суасты кемесі 850 метрге жуық тереңдіктен анықталған.


Индонезияның жоғалып кеткен сүңгуір қайығы Бали теңізінің түбінен табылды

ERNUR.KZ. Индонезияның іздеушілері жоғалып кеткен «Нангала» суасты кемесін Бали теңізінің түбіндегі 850 метрге жуық тереңдіктен анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның мәліметінше, жақын арада кеме экипажының аман қалуы мүмкін мүшелерін эвакуациялау жұмыстары жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын индонезиялық құтқарушылардың жұма күні Бали теңізінде жоғалып кеткен «Нангала» сүңгуір қайығын іздеуді қайта бастағандығын жазған болатынбыз. Операция аумағына барлығы 21 кеме, соның ішінде тереңдікті барлайтын теңіз аппараттары бар океанографиялық кеме тартылды.