Иранда сайлау жәшіктерін тасымалдау кезінде екі полицей қаза тапты

0
801

Қаскөйлер Джакигор ауданының сайлау жәшіктерін ұрламақ болған деп болжанады.


Иранда сайлау жәшіктерін тасымалдау кезінде екі полицей қаза тапты

29 маусымда Систан және Белужистан елдімекендерінде сайлау жәшіктерін тасымалдау кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты, деп жазады Zakon.kz.


Ислам Республикасының ИРНА ақпарат агенттігі хабарлағандай, қарулы адамдар сайлау жәшіктері салынған көлікке оқ жаудырған. Қаскөйлер Джакигор ауданының сайлау жәшіктерін ұрламақ болған деп болжанады.

"Қауіпсіздік қызметкерлерінің батылдығының арқасында сайлау жәшігі қаскөйлердің қолына түспеді. Алайда бес адам зардап шегіп, медициналық орталыққа жеткізілді", делінген хабарламада.

Бұл ретте әскери борышын өтеуші Фархад Джалил мен шекара қызметінің сержанты Эбрахим Мармазиды аман алып қалу мүмкін болмады.