Кейбір жараланғандардың жағдайы ауыр деп хабарланған.
ERNUR.KZ. Иранның оңтүстік-шығысындағы Захедан қаласындағы сот басқармасына жасалған қарулы шабуылдан бес адам қаза тауып, тағы 13 адам жарақат алды, деп жазады baq.kz.
Fars агенттігінің мәліметі бойынша, террористер бейбіт тұрғындарға да оқ атып, оларды кездейсоқ нысанаға алған. Қаза тапқандар арасында әйел мен жаңа туған нәресте бар.
Шабуылдың нәтижесінде үш террорист жойылды. Бірқатар азаматтар мен олардың мүлкіне зиян келді, – деп хабарлады агенттік.
Сондай-ақ, кейбір жараланғандардың жағдайы ауыр деп хабарланған. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушылар ғимарат ішінде оқ атып, қорқыныш тудырған.