Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Фото: wikipedia.org
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатының Фуллертон қаласында бір қозғалтқышты Van’s Aircraft RV-10 ұшағы ғимаратқа құлап, шатырын тесіп өтті.Оқиға 2 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де болған, деп жазады inform.kz.
"Екі адамның қаза болғаны расталды. Он адам жергілікті ауруханаларға жеткізілді, сегізіне сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді", — деп хабарлады жергілікті полиция.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін БАӘ-де жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапқаны хабарланған болатын.