20 шілдеде Камчатка түбегінде 6,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген еді.
Фото: Oxu.Az
ERNUR.KZ. Ресейдің Петропавл-Камчатский қаласынан 99 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inform.kz.
Жер сілкінісі туралы Камчаткадағы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Telegram-арнасы хабарлаған.
Қызметтің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 52 шақырым тереңдікте орналасқан. Қала тұрғындарының түрлі аудандарынан жазылған пікірлерге қарағанда, сейсмикалық оқиға айтарлықтай сезілген.
Еске сала кетейік, 20 шілдеде Камчатка түбегінде 6,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген еді.
Бұл осы аймақтағы қатарынан төртінші жер сілкінісі болатын.