Канн кинофестивалі коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды

0
564

100 адамнан асатын шараларға тыйым салынған.


Канн кинофестивалі коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды

ERNUR.KZ. Францияда мамырда өтетін әлемдегі ең беделді кинофестиваль кейінге қалдырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Фестиваль маусымның соңына ауыстырылды. Ұйымдастырушылар толық шешімді Франциядағы және әлемдегі денсаулық сақтау жағдайы тұрақталғаннан кейін хабарлауға уәде етті.

Бұл қадам коронавирус індетіне қарсы күресіп жатқан үкімет шараларының күшеюіне байланысты қабылданып отыр. Себебі, жұма күні 100 адамнан асатын шараларға тыйым салынды. Сейсенбі күні Франция Шенген аймағына кіруге тыйым салудың жалпы еуропалық жүйесіне қосылды.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Нидерландтың Роттердам қаласында өтуі тиіс болған «Еуровидение» жыл сайынғы халықаралық конкурс тоқтатылды.

Ұйымдастыру комитеті байқауды 2021 жылы Роттердамда өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.