Қара нәсілді қыз Трамптың масқарасын шығарды

0
3 069

Ол адамдарды тегіне, түсіне қарай бөліп жарады. Қатынбасшы. Жалпы әйел атаулыны жаратпайды.


Қара нәсілді қыз Трамптың масқарасын шығарды

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамптың үстінен нәсілдік кемсіту бойынша іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы 365info.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен ешқашан ешкімнің нәсіліне, тегіне тіл тигізген емеспін» деп ақталды Трамп. Бұдан бұрын бір кездері АҚШ президентінің көмекшісі болған Омароса Манигол-Ньюман есімді келіншек өзінің «Трамп басқаратын Ақ үйдегі шынайы ахуал» деген кітабында Дональд ағайдың масқарасын шығарған еді.

«Ол адамдарды тегіне, түсіне қарай бөліп жарады. Қатынбасшы. Жалпы әйел атаулыны жаратпайды. Әйел біткенді жек көреді. Мінезін түсініп болмайсың. Бір жолы менің көзімше жұмыс дәптерінің парағын жұлып алды да, жұтып жеп қойды» дейді Омароса Манигол-Ньюман .

Мұны естіген Трамптың ашуы бойына сыймапты. Ньюманның өзін айыптап жатыр.

«Ол барып тұрған өтірікші! Суайт! Адам баласын тегіне, түріне, түсіне қарап кемсітетін әдетім жоқ, айналайын. Омароса алжыған адамның сөзін айтып отыр. Ойдан шығарып алған.

Осы күнге дейін мені мақтап, мадақтап келді. Демократиялық құндылықтарды, азаматтық қоғамды қорғаушы ретінде құрметпен қарады. Бірақ, жұмыстан шығарғаным сол екен, лезде өңін өзгертті.

Жұмыстан бекерге шығарғам жоқ. Журналистер оның сөзіне сенбейтін. Одан сұхбат алғысы жоқ-тын! Ақ Үйде істегенде еш абыройы болмады. Енді келіп маған айып тағып, маған күйе жағып отыр. Сенбеңіздер. Бәрі жалған!» – депті Трамп өзінің Твиттер парақшасында.

Айта кетелік, Омароса Трамптың қоғаммен байланыс бойынша көмекші болып істеген.