Қара теңізге ресейлік мазут төгілді

0
121

Мұндай төтенше жағдай әлемде алғаш рет тіркелді.


Қара теңізге ресейлік мазут төгілді

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Ресейдің Кубань өлкесінде Қара теңізге мазут төгіліп, 30 мыңнан аса құс қырылды. Дауылдың салдарынан Керчь бұғазындағы бірнеше танкер тағы соқтығысып, апатқа ұшыраған. Салдарынан қара теңізге үлкен көлемде мазут төгілді, оны тазалауға маман күші жетпейді, деп жазады zakon.kz.

Сарапшылар мұны салдары орасан, экологиялық апат екенін айтып отыр.

Өйткені мұндай төтенше жағдай әлемде алғаш рет тіркелді.

Мазут тығыздығы жағынан су тәрізді және ауыр, басқа мұнай өнімдерінен айырмашылығы – жер бетіне шықпайды, түбіне кетеді немесе су бетінде көлкіп тұрады.

Сондықтан Ресейдің екі өңірінде төтенше жағдай жарияланып, мыңнан астам адам теңіз жағалауын тазартуға жұмылдырылды.