оған 2018 жылдың 28 тамызында «Қызметтік лауазымын асыра пайдалану» айыбы тағылып, іздеу салынды.
ERNUR.KZ. Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы басшысы Адамқұл Жүнісовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Экономикалық қызметке қарсы іс-қимыл мемлекеттік қызметі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Ақпаратқа сәйкес, оған 2018 жылдың 28 тамызында «Қызметтік лауазымын асыра пайдалану» айыбы тағылып, іздеу салынды.
Жүнісов 2013-2016 жылдары Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы қызметін атқарды. Ол жауапты тұлға бола отырып, «А.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілдерімен және басқа да ұйымдардың жауапты тұлғаларымен жемқорлық байланыс ұйымдастырған.
2018 жылдың 18 тамызында Жүнісовке сырттай Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабында қарастырылған қылмыс жасады деген айып тағылып, 2018 жылдың 28 тамызында Бішкек қаласы Первомай аудандық сотының үкімімен сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.