ERNUR.KZ. Хорватияда жексенбі күні президенттік сайлауға арналған сайлау учаскелері ашылды, деп жазады kaz.inform.kz.
Мемлекет басшысы лауазымына бірнеше кандидат таласуда. Олардың қатарында Хорватияның қазіргі президенті Зоран Миланович те бар. Тәуелсіз кандидат — педиатр, сот сарапшысы, медициналық генетика саласындағы маман Драган Приморак. Ол билеуші консервативті Хорват Демократиялық Достастық партиясының қолдауымен сайлауға түсуде.
“Мемлекет басшысының креслосы үшін сайлауға «Мост» саяси партиясының өкілі және Синь қаласының мэрі Миро Буль, тәуелсіз кандидат Томислав Йонич, солшыл саяси партияның жетекшісі Ивана Кекин де қатысады.», Бранка Лозо — «Домино» саяси партиясының вице-төрағасы Мария Селак Распудич — тәуелсіз кандидат және Нико Токич Картело — тәуелсіз кандидат,” — деп жазады ТАСС.
DW атап өткендей, кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаса, Хорватиядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңі 2025 жылдың 12 қаңтарында өтеді.
ЕО мүшесі болып табылатын Балқан елінде сайлау құқығы бар 3,8 миллион азамат тұратыны атап өтілді.