24 ақпанда таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украина аумағында әскери операция басталғанын хабарлады.
ERNUR.KZ. Украина астанасының стратегиялық нысандарын зымыранмен атып жатыр, деп хабарлады журналист Андрей Цаплиенко, деп жазады baq.kz.
Korrespondent.net хабарлағандай, Ресей федерациясының қарулы күштері Украина астанасын қанатты және баллистикалық зымырандармен атқылап жатыр. Бұл туралы журналист Андрей Цаплиенко өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Киевтің стратегиялық нысандарын қанатты және баллистикалық зымырандар атқылауда, - деді ол мәлімдемесінде.
Еске салайық, 24 ақпанда таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украина аумағында әскери операция басталғанын хабарлады. Осы мәлімдемеден кейін бірден Украинаның ірі қалаларында жарылыстар туралы хабарлар тарай бастады.