ВАЗ-2114 көлігі суда батып тұрған, оны жергілікті жердің қарауылы тауып алған
фото: life.ru
ERNUR.KZ. Ресейдің Челябинск облысында техникалық тоғанға көлік батып, ішінде кішкентай бала мен анасының мәйіті және жүксалғыштан ер адам табылды, деп жазады life.ru.
ВАЗ-2114 көлігі суда жартылай батып тұрған, оны жергілікті жердің қарауылы тауып алған. Оқиға болған жерге келген құтқарушылар көлге жартылай батқан көліктің ішінен анасы мен баласының мәйітін шығарған. Құтқару жұмысы кезінде олар көліктің жүксалғышынан шыққан дауысқа назар аударып, ол жерден 40 жастар шамасындағы ер адамды табады.
Ер адам қатты жауарап қалғанынан ештеңе айта алмаған, тілге келгенде өзінің азаматтық некедегі 33 жасай әйелі мен оның 6 жасар баласымен Магнитка ауылынан қайтып келе жатып жол апатына ұшыраған. Сөйтіп көлік тоғанға түсіп кеткен.
Әйел мен бала суға тұншығып қайтыс болған, ал еркек көліктің арқы жағы судан шығып тұрғанын байқап салон ішімен жүксалғышқа өтіп аман қалған.
Оқиғаның нақты қалай болғаны анықталып жатыр.