Италияда коронавирустан көз жұмған алғашқы жағдай 21 ақпанда тіркелген болатын.
ERNUR.KZ. Италияның Азаматтық қорғау ұлттық қызметінің басшысы Анджело Боррелли елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 10 мың адамнан асты деп мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.
Боррелли коронавирустан көз жұмғандар саны 631 адамға жеткен. Бұл дүйсенбі күнгімен салыстырғанда 168 адамға көп.
«8 514 адам қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтырған, 1004 адам сауығып шыққан», деді ол.
Борреллидің айтуынша, коронавирус жұқтырған 877 пациент жансақтау бөлімінде жатыр. Қайтыс болғандардың 45%-ы – 80-89 жас аралығындағы адамдар, 32%-ы – 70 жас шамасындағы, 14%-ы – 90 жастан асқан, 8%-ы – 60 жастағы, 2%-ы – 50-59 жас аралығындағы адамдар. Үкімет өткен жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет табылған жаңа вирустың таралуын тоқтату үшін қатаң шаралар қабылдады.
Италия тұрғындарына қажетсіз сапарлардан бас тартуға және шұғыл қажеттілік болмаса, мүмкіндігінше үйлерінен шықпауға кеңес беріледі.
Сондай-ақ, Боррели оппозициялық лиганың көшбасшысы Маттео Сальвинидің «барлығын жабу» туралы үндеуінен кейін шараларды қатайту мүмкіндігін жоққа шығармады.
«Менің ойымша, бұл мәселе толығымен қарастырылып, зерттелуі керек», - деді Боррелли баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, Италияда коронавирустан көз жұмған алғашқы жағдай 21 ақпанда тіркелген болатын.