Оған 100 доллар көлемінде айыппұл салынды.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
АҚШ-та көршісін саусағымен "атқан" адам сотталып кете жаздады. Оған 100 доллар көлемінде айыппұл салынды, деп жазады ERNUR.KZ.
Көшеде жүретін қызымен қол ұстасып кетіп бара жатқан ер адамға көршісі ортаңғы саусағын көрсеткен. Бұған ашуланған ер адам саусағын бүгіп, тапаншамен атқандай белгі берген.
Біршама уақыт өткеннен кейін саусағын бүгіп тапанша жасаған ер адамды сот қызметкерлері шақырады. Себебі көршісі ер адамның өзіне көрсеткен белгісін қоқаң-лоқы деп билікке арызданған. Жазылған арыз бойынша істі қараған сот, саусағымен тапанша жасаған ер адамға 100 АҚШ долларына тең келетін айыппұл төлеу туралы үкім шығарған.
Дереккөз:120.su.