Кубада алапат дауылдан кейін магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды

0
255

Зілзаланы Кубаның ірі қалаларының бірі Сантьяго-Де-Куба тұрғындары да сезген.


Кубада алапат дауылдан кейін магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды

Фото: wikimedia

ERNUR.KZ. Кубаның шығысында 10 қараша күні бірнеше аптаға созылған дауыл мен электр қуатының үзілуінен кейін 6,8 балдық жер сілкінісі болып, көпшіліктің үрейін алды, деп жазады zakon.kz.

CBS News мәліметінше, АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің эпицентрі Кубаның Бартоломе Масо қаласының маңында болғанын хабарлады.

Зілзаланы Кубаның ірі қалаларының бірі Сантьяго-Де-Куба тұрғындары да сезген. Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы шұғыл ақпараттар болған жоқ.

Жер дүмпуі онсызда бірнеше аптадан бері алапат дауылмен бетпе-бет келіп отырған кубалықтар үшін соққы болды.