Бұған дейін ел үкіметі ірі іс шараларды ұйымдастыруға шектеу қойып, бірнеше спорт жарыстарынан бас тартқан.
Қырғызстан билігі жақын арада өткізілуге жоспарланған барлық мәдени, спорттық іс шарадан бас тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ akipress сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қырғызстан вице-премьер-министрі Алтынай Омурбекова мәлімдеді.
Ол ел билігінің коронавирустан сақтану үшін осындай шешім қабылдағанын айтып өтті. Бұған дейін ел үкіметі ірі шараларды ұйымдастыруға шектеу қойып, бірнеше спорт жарыстарынан бас тартқан.
"Біз бұдан бұрын 8 наурыз мерекесі қарсаңындағы барлық іс-шаралар мен концерттерге тыйым салынғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ендігі кезекте алдағы Наурыз мерекесінде де барлық іс-шараларға, дөңгелек үстел, мәдени, спорттық шаралар, семинарлар, форум өткізуге уақытша тыйым салынады. Біздің азаматтар түсіністікпен қарайды деген үміттемін" , - деді Алтынай Омурбекова.
Қырғызстанда, ресми дерек бойынша, коронавирус жұқтырғандар жоқ.