Өзбекстан аумағында теміржол арқылы Мазари-Шариф станциясына (Ауғанстан) дейін жүзеге асырылады.
ERNUR.KZ. Қытай жүктерінің алғашқы он екі контейнері «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан-Ауғанстан» жаңа көлік дәлізі арқылы Қырғызстаннан Ауғанстанға теміржол арқылы жөнелтілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл транзиттік дәліз – Қырғыз Республикасы арқылы Қытайдан Ауғанстанға жүктерді біріктірілген тасымалдаудың мультимодальды бағыты. Ол 8-9 қыркүйекте Ташкент қаласында Қытайдың халықаралық логистикалық компаниясының қатысуымен өткен Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан темір жол әкімшіліктері өкілдерінің төртжақты кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында жүзеге асырылуда.
Компанияның мәліметінше, жүк тасымалы Қашқар теміржол вокзалынан (Қытай) Ош станциясына (Қырғызстан) автокөлікпен, одан әрі Өзбекстан аумағында теміржол арқылы Мазари-Шариф станциясына (Ауғанстан) дейін жүзеге асырылады.