Қуаңшылық негізінен елдің солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтары – Хэбэй, Ляонин провинциялары және Ішкі Моңғолия автономиялық аймағына әсер етті.
ERNUR.KZ. Қытайда қуаңшылық кезінде үш миллион гектар ауылшаруашылық жер зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.
Ведомствоның хабарлауынша, 200 мыңға жуық адам мен 760 мың бас ірі қара мал құрғақшылыққа байланысты ауыз судан қол үзген.
Қуаңшылық негізінен елдің солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтары – Хэбэй, Ляонин провинциялары және Ішкі Моңғолия автономиялық аймағына әсер етті.
Өткен аптада Қытайдың солтүстігінде қалыптан тыс аптап болды және ауа райы қаупінің қызыл максималды деңгейі жарияланды.
Қытай метеорологтарының болжамынша, Солтүстік Қытайда бір апта бойы жоғары температура сақталады.