Фото: South China Morning Post
ERNUR.KZ. Қытайда алғаш рет гуманоид робот докторантураға қабылданды. Ол «драма және кино» мамандығы бойынша оқитын болады, деп жазады kaz.inform.kz.
Xueba 01 атты робот Қытайдағы жетекші өнер оқу орындарының бірі — Шанхай театр академиясына (STA) қабылданды. Ол докторантура бағдарламасы аясында дәстүрлі қытай операсын тереңдетіп зерттейді. Сабақтар 14 қыркүйекте басталады. Оқыту құны жарияланған жоқ.
Бұл робототехника саласындағы докторантура бағдарламасы — өнер мен технологияны біріктіруге бағытталған ғылыми жобаның бір бөлігі.
Роботтың сипаттамасы:
Биіктігі: 1,75 метр
Салмағы: шамамен 30 келі
Сыртқы келбеті: силикон терісі бар сымбатты ер адамға ұқсайды
Киімі: көзілдірік, көйлек және шалбар
Тілі: адамдармен қытай тілінде сөйлеседі
Робот докторанттармен бірге опералық қойылымдарды дайындықта жасап, сабақтарға қатысып отырады.
Бұрынғы жетістігі:
Xueba 01-дің алдыңғы нұсқасы дүниежүзіндегі алғашқы гуманоид жартылай марафонында үшінші орын алған.
Қоғамдық реакция:
Жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.
“ Xueba 01 — адам мен робот арасындағы қатынастарда маңызды миссияны өз мойнына алды. Біз ақыры роботтармен бірге өмір сүріп, бірге білім алатын деңгейге жеттік. Оның жолы болсын! “, — деп бір қолданушы жазды.
Алайда скептикалық көзқарас білдірген де болды.
“ Өнерге өмірлік тәжірибе керек. Алгоритммен басқарылатын роботтың туындылары адамдардың жүрегіне шынайы әсер ете алмайды “, — деп жазды басқа қолданушы.
Айта кетейік, бұған дейін гуманоид роботтың Дубайда жолдан жүгіріп өткен видеосы әлеуметтік желілерде вирусқа айналған болатын.