Құқық қорғау органдары әзірге оқиғаның өзге мән-жайын жариялаған жоқ.
Фото: Threads
ERNUR.KZ. Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам кішкентай қызға тиісті деген күдікке ілінді, деп жазады Stan.kz.
Оқиға туралы Астана тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде жазып, бейнебақылау камерасына түсіп қалған күдікті ер адамның бейнесін жариялады.
Әйелдің айтуынша, оқиға "Бағыстан-4" тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Әйел өз жазбасында тұрғын үйдегі қауіпсіздік мәселесін де көтерген.
Тұрғынның сөзінше, ғимарат 2025 жылдан бері пайдалануға берілмеген. Сонымен қатар бейнебақылау камералары тек кіреберістерге орнатылған, ал аула мен автотұраққа бөгде адамдар еш кедергісіз кіре алатын көрінеді.
Астана полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің "он алты жасқа толмаған адамға сексуалдық сипатта тиісу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Құқық қорғау органдары әзірге оқиғаның өзге мән-жайын жариялаған жоқ.


