Мамандар апатқа ұшыраған ұшақтың бортындағы 120 адамды ДНҚ арқылы анықтай алғаны хабарланды.
ERNUR.KZ. Қытайда апатқа ұшыраған Boeing 737-нің барлық 123 жолаушысы мен тоғыз экипаж мүшесі қайтыс болды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Мамандар апатқа ұшыраған ұшақтың бортындағы 120 адамды ДНҚ арқылы анықтай алғаны хабарланды.
Еске салайық, China Eastern Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы 21 наурызда ҚХР Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Учжоу қалалық округінің Тэн уезінде апатқа ұшырап, орманда өрт шыққан болатын. Азаматтық авиация басқармасы апатты растады, бортта 132 адам - 123 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі болған.
24 наурызда құтқарушылар апатқа ұшыраған Boeing-тің алғашқы қара жәшігін тапты.