Қытайда балалар арасында белгісіз дерт тарап жатыр

0
890

Бейжің мен Ляониндегі ауруханаларда балалар көп екенін хабарланған.


Қытайда балалар арасында белгісіз дерт тарап жатыр

ERNUR.KZ. 13 қыркүйекте Қытайда респираторлық аурулармен сырқаттанушылықтың өсуі туралы ҚХР Мемлекеттік комиссиясы хабарлады. Батыс және Тайвань бұқаралық ақпарат құралдары Қытайдың солтүстігінде ауруханалардың науқас балаларға толғаны туралы жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайдан балалардағы белгісіз пневмония ошақтары туралы қосымша ақпарат сұрады.

ДДСҰ баспасөз қызметі Қытайда респираторлық аурулармен сырқаттанушылықтың өсуі туралы 13 қыркүйекте ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы хабарлағанын еске салды. Содан кейін қытай билігі мұны антиковидтік шектеулердің жойылуымен және белгілі тұмау вирустарының айналымымен түсіндірді.

«ДДСҰ Қытайға респираторлық аурулардың көбеюі және балалардағы пневмония ошақтары туралы егжей-тегжейлі ақпарат беру туралы ресми сұрау жіберді», - делінген ұйымның мәлімдемесінде.

The Telegraph атап өткендей, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында ProMed ескертуі көптеген дәрігер мен ғалымдардың назарын бұрын болмаған вирусқа аударды, ол кейінірек SARS-CoV-2 (COVID-19) деп аталды.

Бейжің мен Ляониндегі ауруханаларда балалар көп екенін хабарланған.

«Олар жөтелмейді және ешқандай белгілері жоқ. Олардың дене температурасы жоғары және көпшілігінің өкпесінде түйіндер пайда болған», - деді тұрғындардың бірі.

Бейжіңнің тағы бір тұрғыны қазір мектептерге суық тию белгілерімен келуге тыйым салынғанын және болып жатқан жағдайдың бәрі «мемлекеттік құпия» екенін айтты.