Қытайлық Гонконг аталмыш тыйымды салған алғашқы қала емес.
ERNUR.KZ. 1 тамыздан бастап Гонконгта көше көгершіндерін тамақтандыруға тыйым салу туралы заң күшіне енді. Бұл үшін 100 мың Гонконг доллары (6 млн 137 мың 790 теңге) көлемінде айыппұл салынады, деп жазады zakon.kz.
Қытайлық Гонконг аталмыш тыйымды салған алғашқы қала емес. Мұнымен қоса, көгершіндерге қатысты заң Римде, Венеция мен Венада бар.
Бұл шешімнің себебі — көгершіндердің жаппай жиналуының салдары.
Айта кетейік, Гонконгта жабайы құстардың жиналуынан санитарлық жағдайдың нашарлауына әкелетін 17 нүкте бар.
Бұл жергілікті тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді.
Бұған дейін Австралияда төрт метрлік қолтырауынның ішінен адам қалдықтары табылғаны хабарланған.