Қытайда тұрғындарға 1 млрд-тан астам екпе салынған

0
415

Қытайда коронавирустық инфекцияға қарсы екпені міндетті түрде алуы тиіс халықты вакцинациялау 2020 жылдың 15 желтоқсанында басталған болатын.


Қытайда тұрғындарға 1 млрд-тан астам екпе салынған

ERNUR.KZ. Қытайлық дәрігерлер коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау науқаны басталғаннан бері ел тұрғындарына бір миллиардтан астам екпе салды, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы ҚХР мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі комитетінен хабарланды.

2021 жылдың 19 маусымындағы жағдайға сәйкес Қытайдың 31 әкімшілік бірлігінде коронавирустың жаңа типіне қарсы 1,01 миллиард вакцина жасалды. Қытайда коронавирустық инфекцияға қарсы екпені міндетті түрде алуы тиіс халықты вакцинациялау 2020 жылдың 15 желтоқсанында басталған болатын.