Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда Қытай ауруханаларында науқастардың ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады.
фото: Владимир Песня
ERNUR.KZ. Қытайда белгісіз вирус тарап, аурухана біткен науқастарға толып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда Қытай ауруханаларында науқастардың ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады. Видеода ересектермен қоса маска тағып, дәрігерге кезекте тұрған балалар да бар. Кейбір жергілікті бейресми ақпарат көздерінің мәліметінше, мәйітханаларда да қайтыс болғандардың көбейгені айтылған.
Жергілікті ақпарат көздері бұл вирусты соңғы кезде тараған адам метапневмовирусының (HMPV) салдары дейді. Бұл вирус жеңіл тұмау сияқты болады. Бірақ жергілікті билік бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Жағдай 2022-2023 жылға ұқсас. Ол жылы Қытай тұрғындары микоплазмалық пневмониямен ауырған, бұл вирус жеңіл түрде өтеді.
Дегенмен Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми есебі бойынша бұл вирусқа қарапайым тұмау себеп болған. Өйткені тұмауға қарсы сынақтардың 30%-і оң нәтиже көрсеткен. Ал жұқпалы аурумен ауруханаға жатқан әрбір жетінші науқаста тұмауға қарсы сынақ оң нәтиже көрсеткен.