Қытайдағы тайфун: апат аймағында 628 мың адам болған

0
358

Гаеми» тайфуны Фуцзянь провинциясы маңындағы Қытайдың материктік жағалауына соқты.


Қытайдағы тайфун: апат аймағында 628 мың адам болған

ERNUR.KZ. Қытай орталық телеарнасы Қытай шығысындағы Фуцзянь провинциясының жағалауына бір күн бұрын жетіп, кейін тропикалық дауылға айналған «Гаеми» тайфуны елдің ішкі жағына қарай жылжып келе жатқанын, апат аймағында 628 мыңнан астам адам қалып қойғанын хабарлады, деп жазады inform.kz.

«Гаеми» тайфуны Фуцзянь провинциясы маңындағы Қытайдың материктік жағалауына соқты.

Провинция билігі қауіпті аймақтан 150 мың тұрғынды алдын ала эвакуациялады.

25 шілде күні кешке тайфун Путянь қалалық округінің жағалау аймағына соғып, солтүстік-батыс бағытта 20 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Циклонның орталық бөлігіндегі желдің жылдамдығы 28 м/с жетті.

Бұған дейін Фуцзянь теңіз істері басқармасы жағалауға қосымша үш құтқару тікұшағы мен үш құтқару кемесін, сондай-ақ төтенше жағдайларға жауап беруге дайын 49 патрульдік қайық пен 100-ден астам сүйретпе жібергені хабарланды.

Сәрсенбіге қараған түні тайфун Тайваньның шығыс жағалауына Илань округінің маңына келді. Ресми мәліметтерге сәйкес, 5 адам тайфун соққысының құрбаны болды, тағы 500-ден астамы белгілі бір дәрежеде зардап шекті.