Coca-Cola өкілдігінің басшысы Ашхабадта өлі табылды

0
1 002

Қонақүйінің терезесінен секіріп кеткен.


Coca-Cola өкілдігінің басшысы Ашхабадта өлі табылды

ERNUR.KZ. Ашхабадта Түрікменстандағы Coca-Cola өкілдігінің басшысы Гектуг Газиток қайтыс болды. Ол туралы Hurriyet түрік газетінде некролог жарияланды, деп жазады tengrinews. kz.

Бірақ хабарламада бизнесмен өлімінің күні, себеп-жағдайлары нақтыланбаған. Түрікменстандағы "Азатлық" тілшісі жариялаған ақпарат бойынша, ол "Огузкент" қонақүйінің терезесінен секіріп кеткен. Қазіргі таңда өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. "Огузкент" Ашхабад қонақүйіндегілер болған оқиғаны растады. "Кей деректер бойынша, Түрікменстандағы Coca-Cola өкілдігі басшысында осы елдегі компанияның қызметіне байланысты қаржылық қиындықтар болған", - делінген мақалада.