Қытайлық ғалымдар жеуге ыңғайлы болу үшін сүйексіз балық ойлап тапты

0
135


Қытайлық ғалымдар жеуге ыңғайлы болу үшін сүйексіз балық ойлап тапты

Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Қытайлық ғалымдар ет арасындағы жіңішке сүйектері мүлде жоқ жаңа тұқы (карп) балығының тұқымын ойлап шығарды. Ғалымдар бұл балық түрін тағамда ыңғайлы болуы үшін ойлап тапқан, деп жазады Stan.kz

Тұқы балығынан жасалатын тағам Қытайда мен басқа да бірқатар елде танымал. Алайда ұсақ сүйектердің көп болуы оны жеуді жиі қиындатады. South China Morning Post дерегінше, дәл осы ерекшелік кей тұтынушылар үшін балықты тартымсыз етеді.

"Мамандар жіңішке сүйектердің өсуіне жауап беретін генді басу үшін гендік инженерия әдістерін қолданды. Соның нәтижесінде балықтағы бұлшықетаралық сүйектер жойылды. Ал қаңқаның өмірлік маңызы бар бөліктері сақталды", — деді ғалым Гуй Цзяньфан.


Репортажда модификацияланған тұқыда омыртқа мен қабырғалардың бар екені нақтыланады. Зерттеушінің айтуынша, дәл осы сүйектерді алып тастау балықтың өмір сүруін мүмкін емес етер еді.