Робот өздігінен тостты, таңғы асты әзірлей алады, сүт құйып, дастархан жасайды.
Фото: Синьхуа
ERNUR.KZ. Shenzhen Yuejiang Technology Co., Ltd қытайлық компаниясы үй шаруасында көмектесе алатын адам тәрізді бионикалық робот жасаған, деп жазады inform.kz.
Робот өздігінен тостты, таңғы асты әзірлей алады, сүт құйып, дастархан жасайды. Оның қолдарына 28 еркіндік дәрежесі орнатылған көрінеді. Сонымен қатар, робот нейрондармен басқарылатын ептіліктің өзін-өзі дамыту жүйесімен жабдықталған.
Бұдан бөлек, корпоративтік секторда робот құжаттарды жеткізе алады, қонақтарды қарсы алады және кофе ұсына алады. Роботтар биылдан бастап шығарыла бастайды деп жоспарланған.
Осыған дейін хабарланғандай, қытайлық робот әлемде ең алғашқы болып сальто жасады.
Сонымен қатар, Қытай роботтары сахнада билеп жұртты тәнті қылды.