"Қапшық" коронавирус инфекциясы өлетіндей температураға дейін жылытады.
ERNUR.KZ. Қытайлық сәулетші коронавирустан қорғану үшін "қапшық" ойлап шығарды. Құрылғыға "Бэтмен бол" атауы берілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Туынды жарқанат пішінде жасалған. Оны жолдорба секілді иыққа асып жүруге болады. Құрылғы ПВХ қабықшамен жабылып, ультракүлгін шамдармен жабдықталған. Олар "қапшықты" коронавирус инфекциясы өлетіндей температураға дейін жылытады.
Өнертапқыштың сөзіне сүйенсек, бұл үшін Цельсий бойынша +56 градус ыстық жеткілікті. Сондай-ақ ол құрылғының микробтарды өлтіріп, адам айналасын залалсыздандыратынын айтты.
Алайда ДДСҰ мамандары туындының қауіпсіз екеніне сенбейді. Олардың айтуынша, лапмалар адам терісін күйдіріп тастауы мүмкін.