Қытай арабша жазуға тыйым салды

0
1 797

​Қытай халал азық-түлік өнімдерге арабша жазуға тыйым салды деп хабарлайды ERNUR.KZ Global Times басылымына сілтеме жасап.


Қытай арабша жазуға тыйым салды

Қытай халал азық-түлік өнімдерге арабша жазуға тыйым салды деп хабарлайды ERNUR.KZ Global Times басылымына сілтеме жасап.

Аталмыш басылым келтірген дерекке сүйенсек, Нинся-Хуэй автономды ауданының басшылығы қабылдаған шешімді Учжун және Иньчуань қалаларының тұрғындары да растап отыр. Енді Нинся-Хуэй ауданына қарасты қалалардағы арабша жазылған маңдайшалары бар мейрамханалар мен дәмханалар және «халал өнімі» деген сөз түгел қытай иероглифіне ауыстырылатын болады.

Бұл жағдайдың орын алуын Қытай билігі мұсылман қауымының елде тыныш өмір сүруі үшін жасап отырғанымен түсіндіреді.

Күншығыс елінде Құранда тыйым салынған шошқа және арам өлген малдардың етінен басқасы халал болып саналады.