Ақтөбеде неке сарайында әйелді пышақтап тастады

0
84

26 жастағы келіншек неке сарайына жаңадан қосылған сүйіктісімен барған.


Ақтөбеде неке сарайында әйелді пышақтап тастады

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласындағы неке сарайында әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 26 жастағы келіншек неке сарайына жаңадан қосылған сүйіктісімен барған. Сол жерде бұрынғы сүйіктісі жанжал кезінде оған бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Ресми мәліметке сәйкес, марқұм мен күдікті заңды некеде болмаған. Бірақ бірге тұрған.
Облыстық полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.
"Әйел адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тергеушілер оқиғаның мән-жайы анықтауға кірісті.