Лондон мен Нью-Йорк қалалары жер бетінен жойылуы мүмкін

0
1 892

Қазіргі уақыттың өзінде өте көлемді миграцилық көш орын алып отыр.


Лондон мен Нью-Йорк қалалары жер бетінен жойылуы мүмкін

ERNUR.KZ. АҚШ пен Ұлыбритания ғалымдары жаңадан зерттеу жасап, теңіз суы деңгейінің өте қарқынды көтеріліп келе жатқанын жариялады. Олардың сөзіне сенсек, 2100 жылға қарай Лондон һәм Нью-Йорк секілді ірі шаһарлары су астында қалмақ, деп жазады Qamshy.kz.

Қазіргі уақыттағы ауада түрлі қалдықтардан, көліктерден, зауыттардан бөлінетін көмірқышқыл газы концентрациясының мөлшері өз деңгейінен асып кеткен. Ғалымдар соңғы 80 жылда бұл үдерістің ауа-райына қатты әсер еткені сонша, 5 градусқа жуық көрсеткіш өзгеріс жасауға әзер еткенін айтады.

Бұл үдеріс теңіз деңгейінің 62 сантиметрден 238 сантиметрге дейін көтерілу қаупін төндіреді. Нәтижесінде, болжам бойынша, 1,79 миллион шаршы метр құрлық су астына батпақ. Ал аталған территорияда 187 миллион адам өмір сүруде.

Теңіз деңгейінің көтерілуі тек қалаларды батырып кеткені үшін ғана қорқынышты емес. Қазіргі уақыттың өзінде теңіз жағасына, ірі су ресурстарына жақын тұратын адамдар ауылын аулаққа салып, өте көлемді миграцилық көш орын алуда.

Еске сала кетейік, бұл Лондон мен Нью-Йорктің бірінші рет "су астына батуы" емес. Дегенмен, жақында Нью-Йорк қаласының мэрі өз шаһарларының 2050 жылы судың астында қалуы мүмкін екенін айтып, миллиондаған тұрғындардың үрейін арттырған.