Лоторея ұтысындағы ақшадан бас тартқан адам елді таңғалдырды

0
940

Ұтыс сомасы 5 мың сингапурлық доллар болады (шамамен 1,5 млн теңге).


Лоторея ұтысындағы ақшадан бас тартқан адам елді таңғалдырды

ERNUR.KZ. Сингапурлық тұрғын лотереядан ұтқан ұтыстан бас тартып отыр. Өйткені, ол билетті өзінің билетімен қоса қателесіп алып кеткен екен, деп жазады Skifnews.kz.

5 қазан күні 63 жастағы бизнесмен Редхилл ауданындағы Singapore Pools ойын-сауық орталығынан лотерея билетін сатып алған. Қайтарында шатасып сөреден бір билеттің орнына екі билет алып кетеді.

Біраз уақыт өткеннен кейін ғана ол шатасып тағы бір билет алып кеткенін аңғарады. Билетте сатып алынған уақыты көрсетілген екен. Соған қарап, бұл билеттің иесі өзіне дейін сатып алғанын біледі.

Бизнесмен алып кеткен 4069 нөмір сенбі күні ойнатылған сыйлықтың біріне сәйкес келіп, ұтысқа ие болады. Ұтыс сомасы 5 мың сингапурлық доллар болады (шамамен 1,5 млн теңге). Бірақ, ол бұл ұтыстан көк тиын да алмайтынын айтады. Бизнесмен билеттің иесін тауып, қайтарып бермекші екен.

Билетті қайтару мақсатында 7 қазан күні ер адам Singapore Pools-тің бас офисіне және полиция бөлімшесіне барады.

«Мен адал болуға тырысамын, бірақ адал адам болудың машақаты көп екен. Билет туралы ақпаратты жаңалықтарға беріп көремін. Оны заңды иесіне қайтарып беретініне сенгім келеді», - деді ол.