Мексикада аптап ыстықта қар аралас бұршақ жауды

0
1 470

Қардың қалыңдығы жарты метрге дейін жеткен.


Мексикада аптап ыстықта қар аралас бұршақ жауды

ERNUR.KZ. Мексиканың Гвадалахара қаласының маңында қар аралас бұршақ жауды, деп жазады 24.kz.

Қардың қалыңдығы жарты метрге дейін жеткен. Ең қызығы, ауа температурасы 30 градус Цельсийден жоғары болып тұр. Жергілікті биліктің айтуынша, табиғаттың тосын мінезінен аталған өңір зардап шегіп отыр.

Автокөліктер сынып, ағаштар құлады. 200-ге жуық үйге зақым келтірілген. Әзірге зардап шеккен адамдар жайлы ақпар жоқ.