​Молдова президенті биліктен шеттетілді

0
1 066

Бұл туралы сот төрағасы Михай Поалелунжь мәлімдеді.


​Молдова президенті биліктен шеттетілді

ERNUR.KZ. Молдавияның Конституциялық соты (КС) ел президенті Игорь Додонның құзыреттілігін уақытша тоқтатты. Бұл туралы сот төрағасы Михай Поалелунжь мәлімдеді, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін елдің премьер-министрі Павел Филип Додонға екі жаңа министрдің кандидатурасын бекітуге ұсыныс жіберген болатын. Ол денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі ретінде Сильвио Радты, ауыл шаруашылығы және аймақты дамыту министрі ретінде – Николай Чубукты тағайындауды ұсынды.

Додон бұл үміткерлерге қарсылық танытты.

«Премьер қайта ұсынған министрлердің кандидатурасын бекітпегендіктен президент уақытша отставкаға жіберілді», - деді КС судьясы Поалелунжь.