Мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынады

0
306

Италияда оқушылардың мұғалімдеріне зорлық-зомбылық оқиғалары 110%-ға көбейген.


Мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Енді мектеп оқушылары мұғалімдерді қорласа, айыппұл салынады, деп жазады inbusiness.kz.

Оқушылар мектеп қызметкерлеріне қатысты агрессия немесе зорлық-зомбылық фактілерін жасаса 500 еуродан 10 мың еуроға дейін айыппұл арқалайды.

"Мінез-құлықты бағалау реформасы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын қалпына келтіреді. Адамдарға және қоғамдық игіліктерге құрмет көрсетеді және мұғалімдердің беделін қайтарады", – деді Білім министрі Джузеппе Вальдитара.