Оқиға 8 наурыз күні Украинаның Острог қаласында болған.
ERNUR.KZ. Украинаның Ровненск облысында мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірді, деп жазады 24.kz.
Оқиға 8 наурыз күні Острог қаласында болған. Бүлдіршіннің анасы баласының арбада қозғалыссыз жатқанын көрген, ал шақалақтың бетінде мысық ұйықтап жатқан.
Жедел жәрдем қызметі реанимациялық іс-шаралар жасағанымен, одан еш нәтиже болмаған. Аудандық аурухананың дәрігерлері де баланың өлімін растаған. Қайғылы жайт туралы полицияға хабарланған.