Нарды ойнап жанжалдасқан досы пышақ сұқты

0
973

Оқиғаға қатысты "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Нарды ойнап жанжалдасқан досы пышақ сұқты

фото ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Әндіжан облысында нарды ойнап отырып досымен келіспей қалған ер адам, оны пышақ сұғып өлтірді, деп жазады Sputnik Өзбекстан бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 6 мамыр күні болған. Ер адам досымен нарды ойнап отырып, сөзге келіп қалады. Кейін көлікке бара жатқан жолда да жанжалдасады.

Сол кезде ол досының кеуде тұсына пышақ сұққан.

Бұл факті бойынша Өзбекстан елінің қылмыстық кодексінің "Қасақана адам өлтіру" бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.